2014 жылғы 13 қараша, Астана қаласы
Жер қойнауына зиянды заттарды, радиоактивті қалдықтарды көмудің және сарқынды суларды ағызудың мемлекеттік кадастрын жүргізу қағидасын бекіту туралы
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабы 2) тармақшасына сәйкес бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған Жер қойнауына зиянды заттарды, радиоактивті қалдықтарды көмудің және сарқынды суларды ағызудың мемлекеттік кадастрын жүргізу қағидасы бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Қалдықтарды басқару департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өтуін;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықты ресми жариялауға бұқаралық ақпараттық құралдарына және «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесіне жолдануын;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орныластыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінің жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр В.ШКОЛЬНИК.
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
министрі А. МАМЫТБЕКОВ _____________
2014 жылғы 21 қараша
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің
2014 жылғы 13 қарашадағы №123 бұйрығымен бекітілген
Жер қойнауына зиянды заттарды, радиоактивті қалдықтарды көмудің және сарқынды суларды ағызудың мемлекеттік кадастрын жүргізу қағидасы
1. Жалпы ережелер
1. Жер қойнауына зиянды заттарды, радиоактивті қалдықтарды көмудің және сарқынды суларды ағызудың мемлекеттік кадастрын жүргізу қағидасы
(бұдан әрі - Қағидалар) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабы 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне сәйкес әзірленген және жер қойнауына зиянды заттарды, радиоактивті қалдықтарды көмудің және сарқынды суларды ағызудың мемлекеттік кадастрын жүргізу тәртібін белгілейді.
2. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасының аумағында жер қойнауына зиянды заттарды, радиоактивті қалдықтарды көмудің және сарқынды суларды жер қойнауына ағызу объектілері бар табиғат пайдаланушылар үшін міндетті болып табылады.
3. Жер қойнауына зиянды заттарды, радиоактивті қалдықтарды көмудің және сарқынды суларды жер қойнауына ағызу мемлекеттік кадастры (бұдан әрі - Көмудің мемлекеттік кадастры) көмілген заттардың және ағызылған судың сандық және сапалық көрсеткіштері, көму мен ағызудың тау-кен-техникалық, арнаулы инженерлік-геологиялық, гидрогеологиялық және экологиялық шарттары көрсетілген олардың үлгісі мен түрін сипаттайтын мәліметтерді қамтиды және:
1) зиянды заттар, радиоактивті қалдықтар көмілетін объектілер мен сарқынды су ағызылатын жерлердің жалпы сипаттамасын; орналасқан жерін, пайдалану кезеңін, күтіп ұстауға жұмсалатын шығынды, қоршаған орта жай-күйінің мониторингі мен жер қойнауы мониторингін қадағалау желісінің болуын және орналасуын;
2) зиянды заттар, радиоактивті қалдыктар көмілетін объектілер мен сарқынды су ағызылатын жерлердің физикалық сипаттамасын: оқшаулану сипаттамасын, тау-кен жынысы типін, коплектор-қаттың жатқан жерінің тереңдігі мен тиімді қуатын, оның алаңын, кеуектілік коэффициентін, төселетін және жабылатын су тірегінің сипаттамасын, жерасты суларының табиғи ағысының жылдамдығын, сарқынды сулардың сақталуы мен басқа да сандық және сапалық көрсеткіштерді;
3) зиянды заттардың, радиоактивті қалдықтардың, сарқынды сулардың сипаттамасын: өнімнің атауын, нәтижесінде өнім жасалатын технологиялық өндірісті немесе үдерісті, физикалық сипаттамасын (толық химиялық кұрамын, уытты құрамдауыштардың болуын, өрт-жарылыс қауштілігін, ерігіштігін, сақтау кезінде басқа заттармен сыйысымдылығын, негізгі ластаушы радионуклидтерді, олардың белсенділігін және басқа да сипаттамаларды), тасымалдау жүйесінің сипаттамасын қамтиды.
2. Мемлекеттік көму кадастрын жүргізу тәртібі
4. Көмудің мемлекеттік кадастрын жедел ақпарат алу, қоршаған орта саласында шешім қабылдау, зиянды заттарды, радиоактивті қалдықтарды көму мен сарқынды суларды жер қойнауына ағызудың жай-күйіне жоспарлы бақылау жасау мақсаттарында қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган ұйымдастырады (бұдан әрі – уәкілетті орган).
5. Уәкілетті орган Көмудің мемлекеттік кадастрын жүргізу кезінде:
1) табиғат пайдаланушылардан мәліметтердің уақтылы түсуін бақылауды;
2) материалдарды жинауды, олардың есебін, жүйеленуі мен сақталуын;
3) табиғат пайдаланушыларға анықтамалық-ақпараттық қызмет көрсету мақсатында есептеу техникасын пайдалану арқылы деректерді өңдеудің автоматтандырылған жүйесін жасауды және оның жұмыс істеуін;
4) көмудің мемлекеттік кадастрын дұрыс ресімдеуді қамтамасыз етеді.
6. Көмудің мемлекеттік кадастрының есебіне зиянды заттар, радиоактивті қалдықтар көмілетін объектілер мен жер қойнауына сарқынды су ағызылатын жерлер жатады.
7. Уәкілетті орган табиғат пайдаланушылардан түскен деректердің негізінде көмудің мемлекеттік кадастрын жасайды.
10. Зиянды заттарды, радиоактивті қалдықтарды көметін және жер қойнауына сарқынды суларды ағызуды жүзеге асыратын табиғат пайдаланушылар есепті жылдан кейінгі жылдың бірінші тоқсанының ішінде жыл сайын 1 қаңтардағы жағдай бойынша уәкілетті органға осы Қағиданың қосымшасына сәйкес екі данада ресімделген мәліметтерді табыс етеді.
Ұсынылған мәліметтер осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеген жағдайда олар уәкілетті органға түскен күнінен бастап бес күнтізбелік күн ішінде табиғат пайдаланушыға тіркеуден бас тартылған күннен бастап он күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде пысықтауға қайтарылады.
Жер қойнауына зиянды заттарды, радиоактивті қалдықтарды көмудің және
сарқынды суларды ағызудың мемлекеттік кадастрын жүргізу қағидасына
қосымша формасы
Көмудің мемлекеттік кадастрында көмілген заттардың және ағызылған сулардың сандық және сапалық көрсеткіштері, көму мен ағызудың тау-кен-техникалық, арнаулы инженерлік-геологиялық, гидрогеологиялық және экологиялық жағдайлары көрсетілген үлгісі мен түрін сипаттайтын
МӘЛІМЕТТЕР
№____________ дана
№________________
Есепке алу объектісі
___________________________________________________________________
Жасаған___________________________________________________________
аты-жөні, лауазымы қолы күні
Тексерген __________________________________________________________
аты-жөні, лауазымы қолы күні
Бекіткен___________________________________________________________
аты-жөні, лауазымы қолы күні
Ұйымы____________________________________________________________
1. Объектінің жалпы сипаттамасы
(Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 157-бабы 1-тармағының 1) тармақшасы)
1) Есепке алу объектісінің схемалық картасы, масштабы
2) Географиялық координаттары:
3) Объектінің әкімшілік орналасуы
Облыс Аудан Қала, кент
1 2 3
4) Объектіні пайдаланудың жалпы мәліметтері
Орналасқан жері Түзілу шарттары Пайдалану кезеңі, жыл Күтіп ұстауға жұмсалатын шығындар
басталуы соңы жылына ағымдағы кезеңде
1 2 3 4 5 6
5) Объект параметрлері
Ұзындығы, км Ені, км Тереңдігі, км Ауданы, км2 Алдағы жылдағы
көмудің жылдық
көлемі,мың Ағымдағы жылғы бірінші қаңтарға дейінгі жағдай бойынша
мөлшері, мың т
Көлемі мың м3 Массасы мың т
1 2 3 4 5 6 7
6) Жер қойнауы мен қоршаған орта мониторингі туралы мәліметтер сынамаларды іріктеуді орналастыру схемасы мониторинг нәтижелері
Жерасты сулары Топырақ Атмосфералық ауа Өсімдік және жануарлар дүниесі Радиациялық фон Басқа түрлері
1 2 3 4 5 6
6.3) мониторинг параметрлері
Қадағаланатын параметрлер тізбесі Өлшеу жиілігі Жүргізу әдістері
1 2 3
2. Объектінің физикалық сипаттамасы
(Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 157-бабы 1-тармағының 2) тармақшасы)
7) Орналастырудың техникалық шарттары
Оқшаулау
сипаттамасы Коллектор қаттардың
тиімді қуаты Кеуектілік коэффициенті Төселетін және жабылатын
су тірегінің
сипаттамасы Жерасты сулардың табиғи
ағысының жылдамдығы Сарқындыны сақтау
мерзімі
1 2 3 4 5 6
8) Негіздің сипаттамасы
Жыныстар түрі Параметрлері
Негіздің ені, км Төбесі бойынша ені, км Физикалық-механикалық қасиеттері
1 2 3 4
3. Зиянды заттардың, радиоактивті қалдықтардың және сарқынды суларды ағызудың сипаттамасы
(Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 157-бабы 1-тармағының 3) тармақшасы)
9) Объектінің түзілу сипаттамасы
Өнім атауы Технологиялық циклі
10) Объекттің физикалық-механикалық қасиеттері
Химиялық құрамы (толық) Улы құрамдауыштар Ерігіштігі Сақтау кезінде басқа заттармен сыйысымдылығы Өрт-жарылыс қауіптілігі
1 2 3 4 5
11) Радиоактивті объектінің сипаттамасы
Радиоактивті заттың түрі Жылдық эквивалентті мөлшері Бөлшектер ағысының тығыздығы Агрегаттық жай-күйі Бк радионуклидтерінің салыстырмалы
белсенділігі
ауада суда топырақта
12) Тасымалдау жүйесінің сипаттамасы
4. Қосымша мәліметтер
13) Көму объектісі бойынша мемлекеттік қорытынды, актілердің болуы:
Кім және қашан берген Құжаттың атауы Қолданылу мерзімі
1 2 3
14) Объект туралы деректердің көздері
Құжаттың атауы Автор (ұйым) Хаттамалар № Бекітілген жылы Сақтау орны
1 2 3 4 5 6
Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылғы 24 желтоқсанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №9996 болып енгізілді.